Маңғыстау облысына қашан жаңа әкім тағайындалады
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 17 мамырда облыс әкімдігінде Маңғыстау облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары жиынға шақырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық мәслихат аппаратына сілтеме жасап хабарлайды.
"Маңғыстау облыстық мәслихаты 2024 жылғы 17 мамырда сағат 17:00-де Маңғыстау облысының әкімін тағайындауға келісім беру үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы өтетінін хабарлайды.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 14 шағынаудан, облыс әкімдігінің үлкен мәжіліс залы", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, тіркеу сағат 16:00-ден бастап жүргізіледі.
Еске сала кетейік, 16 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2102423-manggystau-oblysyna-qashan-zhanga-akim-tagaiyndalady/