Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бюджетті тиімсіз пайдалану: үкіметті Смайылов басқарған кездегі олқылықтар анықталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Жұма күні өткен мәжіліс отырысында 2023 жылы қанша бюджет қаражаты тиімсіз игерілгені туралы есеп берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін мәжіліс отырысында қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков үкіметтің былтырғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін таныстырды.

"2023 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 489 млрд теңге болған", - деді ол.

Есептегі мәлімет бойынша, 87 млрд теңге – 2023 жылға бөлінген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарының қалдықтары. 143 миллиардтан астамы – республикалық бюджеттен бөлінген игерілмеген қаражат, пайдаланылмаған нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер.

Вице-министр қаржының тиімсіз игерілгені туралы ақпарат Жоғарғы есеп палатасының ақпаратында берілетінін айтты.

"Бюджет қаражатын тиімді және толық пайдалану үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру шаралары қабылданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың бірқатар қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп қосты вице-министр.

2023 жылы бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,6 пайызын құрады.

"100 млрд теңге толық игерілмеген. Оның 27 миллиард теңгесі мемлекеттік резервтен үнемделген ақша. Игерілмеудің негізгі себептері: жеткізушілердің келісімшарт талаптарын уақытылы орындамауы, жеткізушілердің тауарды жеткізбеуі, орындалған жұмыстарды, шот-фактураларды уақтылы жеткізбеуі, көрсетілген қызметтердің нақты көлеміне төлем жасалған", - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Бұдан кейін мәжіліс кулуарында журналистер Жоғарғы есеп палатасының өкілі Нұрлан Нұржановқа сұрақ қойды.

Одан қазіргі үкімет бұрынғы басшы Әлихан Смайылов үкіметті басқарған кезіндегі (2022 жылғы қаңтар – 2024 жылғы ақпаны) осындай есепке қалай қарайды деген сұрақ қойылды.

"Олай айтпас едім. Менің баяндамамның негізі – білім беру, денсаулық сақтау салаларына қатысты, бұл салаларға үлкен жауапкершілік жүктеледі. тиісті нормативтік-құқықтық құжаттарды қабылдайды, сондықтан мен олай айтпас едім", - дейді Нұрлан Нұржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2102642-biudzhetti-tiimsiz-paidalanu-ukimetti-smaiylov-basqargan-kezdegi-olqylyqtar-anyqtaldy/