Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бектенов Тоқаевқа су тасқыны салдарын жою жұмыстары туралы баяндады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновтің су тасқынының салдарын жою және зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары туралы есебін тыңдады. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламаға сүйенсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа премьер-министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады

"Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді", - делінген хабарламада.

Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.

Сонымен қатар үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2102804-toqaevqa-bektenov-su-tasqyny-saldaryn-zhoiu-zhaiyn-baiandady/