Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Жарияланған күні:

Тоқаев пен Путин
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің сапалы іске асыруы маңызды екені атап өтілді. 

Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2102918-toqaev-resei-prezidenti-vladimir-putinmen-telefon-arqyly-soilesti/