Ерұлан Жамаубаев жаңа қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:
Ерұлан Жамаубаев президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарда.
Ерұлан Жамаубаев 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. Білімі жоғары, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, "Қаржы және кредит", 2009 жылы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
- 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы;
- 1998-2006 жылдары Ұлттық банк Зерттеулер және статистика департаменті жетекші сарапшысы, бас сарапшысы, бас маман-сарапшысы, басқарма бастығы, директор орынбасары;
- 2006-2014 жылдары Ұлттық банктің үйлестіру департаментінің директоры;
- 2014-2015 жылдары "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс банкі" АҚ-ның басқарушы директоры;
- 2015 жылғы шілде мен қараша аралығында Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2015 жылғы қараша мен 2018 жылғы қараша аралығында - Қазақстан Республикасының президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі;
- 2018 жылғы қараша мен 2019 жылғы наурыз аралығында президент көмекшісі;
- 2019 жылдың наурызынан бастап Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
2020 жылы еліміздің Қаржы министрі болды. Ол бұл қызметті 2024 жылғы ақпан айына дейін атқарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2103392-erulan-zhamaubaev-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/