Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Жарияланған күні:
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Абзал Әбдікәрімов 1987 дүниеге келген. Жоғары білімі бар. 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасымен Лондондағы Корольдік колледжін, 2011 жылы Бизнес мектебін, 2013 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2010 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінде бастап, ұлттық компанияларда түрлі лауазымда жұмыс істеген.
2016-2019 жылдары Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, департамент директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
2019-2022 жылдары Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментін басқарған.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарып келді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2103560-aqtobe-oblysy-akimining-orynbasary-auysty/