Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев бірнеше заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы "2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар президент "Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2103926-toqaev-birneshe-zangga-qol-qoidy/