"Халық дауысы" рейтингісінің нәтижелері: қазақстандықтар шенеуніктердің жұмысын қалай бағалады
Жарияланған күні:
"Халық дауысы" жобасының алтыншы маусымы өз мәресіне жетті. NUR.KZ оқырмандары алты апта бойы билік өкілдерінің қызметін бағалап, өткен жылдың басты оқиғасын анықтады. Топ-менеджерлер қоғамның сұранысына қаншалықты ашық және жанашыр екенін білу үшін NUR.KZ материалын оқыңыздар.
Қазақстандықтардың биліктегі тұлғаларға деген көзқарасын зерттеп, оларға деген сенім деңгейін анықтау үшін NUR.KZ командасында алты аптадай уақыт болды. Еске сала кетсек, осы жылы "Халық дауысы 6.0" жобасының жаңа маусымында "Жылдың үздік министрі", "Жылдың үздік әкімі", "Жылдың үздік мемлекет қайраткері" және "Жыл оқиғасы" сынды номинациялар ұсынылған еді. Халыққа соңғы номинация бойынша 2023 жылдың ең басты оқиғасын анықтауға мүмкіндік берілді. Нұрсұлтан Назарбаевтың Елбасы мәртебесінен айырылуы өткен жылдың маңызды көріністерінің бірі болып шықты. Бұл номинация бойынша екінші орында 42 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау тұр. Ал үшінші орында Конституциялық сот жұмысын қайта бастауы орналасты.
Қатысушылар елде болып жатқан аталмыш өзгерістердің бәрі жақсылық алып келеді деген ниетте. Ең аз әсер қалдырған оқиға парламент сайлауы. Естеріңізге сала кетейік, олардың қорытындысы бойынша 71,09% дауыспен "AMANAT" партиясы жеңіске жетті.
Жылдың үздік әкімі - Бейбіт Исабаев
Аталмыш номинацияда Жетісу облысының басшысы Бейбіт Исабаев көш бастап тұр. Журналист және халықаралық қатынастар маманы таңқаларлықтай жақсы нәтиже көрсетті. Облыстың өткен жылғы басты жетістіктерінің ішіне экономиканың өсуі, бірегей өнім өндіру және ірі инвесторлардың келуін жатқызуға болады.
Номинацияның күміс жүлдесі Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевқа тиесілі болса, үшінші орында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов жайғасты.
Тізімнің ең соңында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тұр. Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы әкімдерідің арасында өзінің мәнерлі сөздерімен танымал десе де болады. Дауыс берушілердің бұл шешіміне не әсер еткені жұмбақ болып қалары сөзсіз. Айта кету керек, Досаев бұған дейін де өзін идеалды әкім деп санамайтын, дегенмен Алматының гүлденуі үшін адал жұмыс істеп, қолынан келгеннің бәрін істеуге дайын екенін атап өткен еді.
Жылдың үздік министрі – Ержан Саденов
ҚР Ішкі істер министрлігінің басшысы Ержан Саденов рейтингтің нәтижелері бойынша дауыстардың ең көп санын жинаған министр. Ол өз қызметіне 2023 жылдың қыркүйек айында кірісті.Өткен жылдың қорытындылары бойынша республика бойынша қылмыс саны 12%-ға төмендегінін айта кеткен жөн. Сондай-ақ, 2023 жылы Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылып, полиция қызметкерлері өтініш берушіден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Тараптарды қайта татуластыру мүмкіндігі алынып тасталды.
Аталмыш номинацияда екінші орынды қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов, ал үшінші орынды бұрынғы денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният иеленді.
Дауыс беру көрсеткіші бойынша ең соңғы орында еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрілігін басқарып отырған Қанат Шарлапаев тұр.
Жылдың үздік мемлекет қайраткері – Әлихан Смайылов
Экс премьер-министр Әлихан Смайылов дауыс берудің қорытындысы бойынша бірінші орынға шығып отыр. Ол 2022 жылы Асқар Маминнің орнына келді.
Журналистер оны министрлер кабинетінің ең ашық басшылырының бірі деп санайды. Ол бейресми баспасөз конференциясы кезінде алғашқы болып журналистердің алдына шықты. Қазіргі уақытта Әлихан Смайылов ҚР жоғары аудиторлық палатасын басқарады.
Қазіргі премьер-министр Олжас Бектенов тізімде екінші, ал Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев үшінші орынға жайғасты.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин номинацияның аутсайдері.
Онлайн-дауыс берудің қорытындылары арқылы халықтың билік өкілдеріне деген көзқарасын біліп, болашақта олардан не күтетінін анықтауға болады. Біздің мақсатымыз - атқамінерлерді халыққа тиімді және адал жұмыс істеуге ынталандыру.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2104500-halyq-dauysy-reitingisining-natizheleri-qazaqstandyqtar-sheneunikterding-zhumysyn-qalai-bagalady/