Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылаған.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді", - делінген ресми хабарламада.
Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2104656-toqaev-finliandiia-prezidenti-aleksandr-stubbpen-telefon-arqyly-soilesti/