Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сингапурға жұмыс сапарымен барды (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға барды
Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурға барды. Фото: Ақорда

Жұмыс сапарымен Сингапурға барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур президентінің Istana сарайына келді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

Содан соң Қазақстан президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тарман Шанмугаратнам келіссөз өтетін залға барды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тоқаев Сингапурға президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен баратынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2105478-toqaev-singapurga-zhumys-saparymen-bardy/