Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Сингапурдағы ірі компанияның бас директорымен стратегиялық серіктестік орнату мәселесін талқылады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дилхан Пиллэй
Қасым-Жомарт Тоқаев, Дилхан Пиллэй: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Temasek Holdings компаниясының бас директоры Дилхан Пиллэйді қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дилхан Пеллэй "Самұрық-Қазына" қоры мен Temasek компаниясы арасында стратегиялық серіктестік орнату мүмкіндігін талқылады.

Президенттің айтуынша, аталған бастама іскерлік байланыстарды кеңейтуге, экономикалық өсімді ынталандыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы Қазақстан тарабы Temasek компаниясымен тығыз серіктестік жасауға мүдделі екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев сингапурлық компанияны Қазақстан экономикасының түрлі саласында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

"Дилхан Пиллэй көлік және логистика салалары бойынша біздің елмен арадағы ынтымақтастық перспективасына жоғары баға берді. Қазіргі уақытта сингапурлық компания Қазақстан экономикасына қатысу мүмкіндіктерін зерделеп жатыр.

Кездесуде бірлескен инвестициялық қор құру, сондай-ақ цифрландыру, электронды коммерция және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы ықпалдастық мәселелері қарастырылды", - делінген ресми хабарламада.

Temasek – Сингапурдың 1974 жылы құрылған ең ірі инвестициялық компанияларының бірі. Әлемнің 9 елінде компанияның 13 өкілдігі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2105904-toqaev-temasek-holdings-kompaniiasynyng-bas-direktoryn-qabyldady/