Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы әкімінің экс-орынбасары мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Айзада Құрманова
Айзада Құрманова. Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Айзада Амангелдіқызы Құрманова мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкімет Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Айзада Құрманова 1970 жылы Павлодар облысында туған. Павлодар педагогикалық институтын, Еуразия инновациялық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар облысы Май ауданында орта мектепте мұғалім болып бастаған.

Әр жылдары оқу бөлімінің меңгерушісі, орта мектеп директоры болып жұмыс істеді.

2002-2007 жылдары Екібастұз әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы болды.

2007-2009 жылдары Екібастұз ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2009-2011 жылдары Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болған.

2011-2014 жылдары Павлодар облысы Лебяжье ауданының әкімі лауазымын атқарды.

2014-2016 жылдары Павлодар облысы "Нұр Отан" партиясы (қазіргі Amanat) филиалы төрағасының бірінші орынбасары болған.

2016-2020 жылдар аралығында VI шақырылымдағы мәжіліс депутаты болды.

2020 жылдан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2107359-pavlodar-oblysy-akimining-buryngy-orynbasary-madeniet-zhane-aqparat-vitse-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/