Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігінде жаңа комитет құрылады

Жарияланған күні:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысымен күресетін тағы бір комитет құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы АшықНҚА порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Қазақстан Республикасы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетін құру туралы қаулы жобасын жариялады.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, жаңа комитет Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментін өзгерту арқылы пайда болады.

"Оның бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды тиісті түрде жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді", - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2107740-ishki-ister-ministrliginde-zhanga-komitet-qurylady/