Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Нидерланд премьер-министрін қарсы алды (видео)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттені "Ақорда" резиденциясында қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің премьер-министрі Марк Рюттені "Ақорда" резиденциясында қарсы алды", - делінген хабарламада.

Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев Әзербайжан президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Ал кеше, 27 мамырда президент Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2108061-toqaev-aqordada-niderland-premer-ministrin-qarsy-aldy/