Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Жарияланған күні:

Думан Қожахметов
Думан Қожахметов. Фото: instagram.com/dp_pavlodar

Полиция полковнигі Думан Қожахметов Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпарат бойынша, Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарын ведомство бастығы Василий Скляр таныстырған.

Ол ішкі істер министрінің бұйрығымен тағайындалды.

Бұған дейін полковник Қожахметов Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Василий Скляр оның осы бағытта мол тәжірибесі бар екенін айтып, министрлік әзірлеген өңірдің аумақтық полиция бөлімшелерінің практикалық қызметіне енгізілетін инновациялар бойынша жұмыс күтіп тұрғанын атап өтті және жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2108670-pavlodar-oblysy-pd-bastygynyng-birinshi-orynbasary-tagaiyndaldy/