Тоқаев бірқатар жас ғалымға пәтер сертификаттарын табыс етті (фото)
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымның түрлі саласында еңбек етіп жүрген бірніше жас ғалымға пәтер сертфикаттарын табыстады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтіп, ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады", - делінген Aқорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.
Пәтер сертификаттарына ие болған жас ғалымдар:
- Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры;
- Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы;
- Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері;
- Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті;
- Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі;
- Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы;
- Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері;
- Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры;
- Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы;
- Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2110431-toqaev-bitqatar-zhas-galymga-pater-sertifikattaryn-tabys-etti-foto/