Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заңсыз иемделген активтер бойынша қайтарылған 235 миллиард теңге қайда жұмсалады

Жарияланған күні:

Заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысы
Заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі комиссия отырысы. Фото : t.me/KZgovernment

Заңсыз иемделген активтерді қайтару жөніндегі комиссия мемлекет кірісіне қосымша 235 млрд теңге аударады. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство өкілдері Telegram-дағы ресми арнасында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізгенін хабарлады.

"Комиссия 235 млрд теңгеден астам сомаға активтерді ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасасуды мақұлдады. Оның ішінде 230 млрд теңге ақшалай түрде Қаржы министрлігінің шотына аударылатын болады. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану кәсіпорындарындағы акциялар, жер телімдері және Алматыдағы әкімшілік ғимарат мемлекеттің меншігіне өтеді.

Сонымен қатар Комиссия "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" ҚР Заңында көзделген тұлғалармен жалпы құны 28 млрд теңгеден астам инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы келісімдер жасасуды қолдады. Қаражатты ел экономикасына қайта инвестициялау – "Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген активтерді қайтару шараларының бірі", - делінген ресми хабарламада.

Жалпы, жыл басынан бері Комиссия шешімдерінің негізінде мемлекетке 325 млрд теңгеден астам соманың активтері қайтарылған, оның ішінде ақшалай қаражат, 13 мың гектар жер, тарихи-мәдени мұра заттары, қымбат зергерлік бұйымдар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2110458-zangsyz-iemdelgen-aktivter-boiynsha-qaitarylgan-235-milliard-tengge-qaida-zhumsalady/