Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ель
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ель. Фото: Ақорда

Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль келді. Оны Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Екі елдің басшылары алдымен қол алысып, Қазақстан мен Оңтүстік Корея министрлерімен амандасты. Содан кейін қос елдің мемлекеттік гимнін тыңдаған.

Осыдан соң президенттер шағын құрамда келіссөз өткізу үшін залға кірген. Кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді.

Сонымен бірге Оңтүстік Корея президентінің сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Ал түстен кейін қос елдің басшылары қазақ-кәріс бизнес-форумына қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2116029-ongtustik-koreia-prezidenti-qazaqstanga-keldi/