Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі журналистер Ұлттық құрылтай құрамына кірді

Жарияланған күні:

Ұлттық құрылтай
Ұлттық құрылтай отырысы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды. Бұл туралы Ақорда Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ақорда ақпаратынша, Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова, "Отандастар" қорының президенті Данияр Қадыров, "Время" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков қосылды.

Сонымен қатар Ұлттық құрылтай құрамынан А.Қашқынбеков, Д.Кривошеев, А.Сапарбекұлы шығарылды.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы наурызда Ұлттық құрылтау құру туралы ойын айтты.

Сол жылы 15 маусымда Тоқаев Ұлттық құрылтайды құру туралы жарлыққа қол қойды.

Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы 2022 жылы Ұлытау облысында, екінші отырысы былтыр Түркістан қаласында өтті. Ал үшінші отырыс биыл Атырау қаласында өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2116038-ulttyq-quryltai-quramynda-ozgerister-boldy/