Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Премьер-министр болған кезде неге бұл мәселемен айналыспадыңыз": Смайылов депутаттың ҚТЖ-ға қатысты сынына жауап берді

Жарияланған күні:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы

Бүгін мәжіліс отырысында Әлихан Смайылов ҚТЖ банкрот болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыған байланысты депутат Ерлан Саиров экс-премьерден бұл мәселені неге ертерек шешпегенін сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"ЖАП төрағасына қояр сұрағым: құрметті Әлихан Асханұлы, сіз "ҚТЖ" АҚ-ның ("Қазақстан темір жолы" – ред. ескертпесі) қаржылық жағдайы өте нашар дедіңіз. Шынымды айтсам, негізі оның жағдайы сіз премьер-министр болған кезде нашарлап кеткен болатын. Сол кезде неге бұл мәселені қарастырмадыңыз деп сұрағым келеді", - деді депутат Саиров Смайыловқа жолдаған сауалында.

Экс-премьер министр депутатқа берген жауабында бұған дейін ҚТЖ-ға қатысты бұл мәселелер көтерілгенін айтты.

"Бір кездері біз бұл мәселелерді бірнеше рет көтеріп, салалық министрліктерге де жүгінген едік. Сондай-ақ тіпті ҚТЖ компанияларына тапсырмалар беріп, жұмыс жүргізілуін талап еттік, бірақ қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз әрі тиімсіз, сондықтан біз бұл мәселені қайтадан көтеруге мәжбүрміз", - деді Жоғарғы аудиторлық палатаның басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2116122-premer-ministr-bolgan-kezde-nege-bul-maselemen-ainalyspadyngyz-deputat-smaiylovtyng-qtzh-ga-qatysty-synyna-zhauap-berdi/