Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Төрегелдиев Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Ерлан Төрегелдиев
Ерлан Төрегелдиев. Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Төрегелдиев тағайындалды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ерлан Төрегелдиев 1980 жылы Семей қаласында дүниеге келген.

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін және ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген.

Азаматтық қорғау органдарында қызметін 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының Курчатов қаласы Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің инженері лауазымынан бастады.  

2020 жылға дейін Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы ТЖМ бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің мемлекеттік өртті бақылау және өртке қарсы нормалау басқармасын басқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2117991-erlan-toregeldiev-ortke-qarsy-qyzmet-komiteti-toragasynyng-orynbasary-bolyp-tagaiyndaldy/