Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайын атам – депутат": цифрлық даму министрі Кәрім Мәсімовпен бір командада жұмыс істеу туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жаслан Мәдиев
Жаслан Мәдиев. Фото: primeminister.kz

Мәжіліс кулуарында жаңадан тағайындалған цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановпен туыстық қарым-қатынасы туралы айтты. Сондай-ақ бірнеше экс-премьермен жұмыс істегенін де жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәжіліс кулурарында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев журналистердің сауалдарына жауап берді.

"Ол – менің қайын атам", - деп жауап берді Жаслан Мәдиев журналистердің "мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғановпен туыстық жақындығыңыз бар ма" деген сауалына.

Сондай-ақ оған "өзіңізді Кәрім Мәсімовтің командасының бір мүшесі деп санамайсыз ба" деген сұрақ қойылды, өйткені Мәдиев 2016 жылы Мәсімов премьер-министр болған кезде көмекшісі болып жұмыс істеген.

"Мен көп адаммен бірге жұмыс істедім. Сіз айтқан адаммен де, осыған дейін үкімет басшысы болған Әлихан Смайыловпен де, сондай-ақ, премьер-министр болған Асқар Маминмен де, басқаларымен де жұмыс істедім. Ешкімді жерге қаратпай, адал жұмыс істеуге тырыстым. Бұл –менің өмірлік ұстанымым", - деді министр.

Алайда ол министр лауазымын бекітуге қайын атасы қатысты ма деген сұраққа пікір білдірмеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2120178-qaiyn-atam-deputat-tsifrlyq-damu-ministri-karim-masimovpen-bir-komandada-zhumys-istegenin-aitty/