Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасын қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Өмірзақ Озғанбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев, Өмірзақ Озғанбаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігі орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

"Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды", - делінген хабарламада.

Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ "Ардагерлер ұйымының" бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2121663-toqaev-respublikalyq-ardagerler-uiymy-qogamdyq-birlestigi-ortalyq-kengesi-toragasyn-qabyldady/