Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басты мәселе – тұрақты бюджет тапшылығы": Смайылов кейінгі жылдары шығыс көлемі артқанын айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ақша және калькулятор
Ақша және калькулятор. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Жоғарғы аудиторлық палата басшысы Әлихан Смайылов еліміздің республикалық бюджеттің басты мәселесі тұрақты бюджет тапшылығы екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Кейінгі жылдары шығыстар айтарлықтай артты. Бұл ретте мұнайға қатысты емес кірістер шығыстың 50 пайызға жуығын ғана қамтамасыз етіп отыр. Қалған бөлігі негізінен Ұлттық қордың қарыздар мен трансферттерді тарту есебінен өтеледі. Сондықтан тапшылықты ұстап тұру жеткіліксіз. Ол үшін ұзақ мерзімді жоспар қажет.

Ұлттық қорды басқарудың нормативтік-құқықтық базасы тұрақтылықты қажет етеді. Әйтпесе, 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі мемлекет басшысы алға қойған мақсатқа қол жеткізу мен тәуекелі жоғары екенін көріп отырмыз", - деді Смайылов.

Оның сөзінше, 10 жыл бұрынғы борышты өтеу жүктемесі 2024-2025 жылдарға түседі. Қарыз қаражаты инфрақұрылымдық салаларға бағытталуға тиіс.

"Мемлекеттік ресурстарды тиімсіз басқару көлемі айтарлықтай болып отыр. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану 489 млрд теңгені құрады. Бұзушылықтардың алдын алу үшін Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарын әзірлейді. Ұсынымның 65 пайызы орындалған", - деді Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2121693-basty-masele-turaqty-biudzhet-tapshylygy-smaiylov-keiingi-zhyldary-shygys-kolemi-artqanyn-aitty/