Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Әскери-теңіз күштерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Борамбаевты әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы етіп тағайындады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасының Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Ал бұған дейін осы қызметті атқарған Сәкен Бекжанов президенттің өкімімен Қазақстан Республикасының Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2122896-toqaev-askeri-tengiz-kushterining-bas-qolbasshysyn-tagaiyndady/