Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кесте 18 рет өзгертілді": Бектенов жылыту маусымына дайындық барысын сынға алды

Жарияланған күні:

Екібастұздағы ЖЭО
Екібастұздағы ЖЭО. Кадрдан үзінді: t.me/aqorda_resmi

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов бұған дейін Қазақстанда жылу көздері бойынша жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бергенін, бірақ компаниялардың бірі оның нұсқауын орындамай отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Олжас Бектенов үкімет отырысы барысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау мәселесін көтеріп, Екібастұз, Теміртау, Тараз, Жезқазғанда негізгі өңірлік жылу көздері бойынша мерзімдерді ауыстыру дерегі тіркелгенін атап өтті.

"Биыл мамырдың басында үкімет отырысында жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бердім. Алайда КЕГОК операторы бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесіне меншік иелерінің қалауы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отырады.

Тек биылдың өзінде кестеге 18 рет жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің қатысуынсыз және келісімінсіз жасалды", - деп мәлімдеді премьер-министр.

Осыған байланысты уақытылы жаңғырту және жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мәселесін бірінші вице-премьер Роман Склярдың жеке бақылауына алу тапсырылды. Проблемалық нысандарды аралау аясында Қарағанды облысына жұмыс сапары жасалды.

"Роман Васильевич, жергілікті жерлерде қажетті жедел шешімдер мен қатаң шаралар қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударыңыз", - деп тапсырды Олжас Бектенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2123475-keste-18-ret-ozgertildi-bektenov-ekibastuz-temirtau-taraz-zhezqazgandagy-zhylu-kozderi-boiynsha-tapsyrmasy-oryndalmai-otyrganyn-aitty/