Су тасқыны болған өңірлердегі әкімдер орнынан алына ма: Бозымбаев жауап берді
Жарияланған күні:
Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Су тасқыны кезінде міндетін дұрыс атқара алмаған өңір басшылары қызметтен кете ме?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Бозымбаев қай басшының міндетін қалай атқарып жатқанын бақылап отырғанын атап өтті.
"Әкімдерді орнынан алып тастау менің құзіретіме кірмейді. Әрине әр әкім әртүрлі деңгейде жұмыс жасады. Бірақ барлығына үкімет координация жасап отыр. Қалай жұмыс істегенін зерделеу жүріп жатыр. Ең бастысы – тез әрі сапалы жұмыс істеу", - деді ол.
Сондай-ақ ол әкімдердің жұмысына тек президенттің және премьер-министрдің алдында ғана баға беретінін айтты.
"Мұны президенттің немесе премьер-министрдің алдында ғана айта аламын. Сіздерге айта алмаймын. Этикетке сай емес",- деді вице-премьер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2123532-su-tasqyny-bolgan-ongirlerde-akimder-ornynan-alyna-ma-bozymbaev-zhauap-berdi/