Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наташа Пирц Мусар
Қасым-Жомарт Тоқаев, Наташа Пирц Мусар. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

"Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі", - деп жазылған жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2123541-toqaev-prezident-natasha-pirts-musardy-sloveniianyng-ulttyq-kunimen-quttyqtady/