Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Голан жоталарындағы бітімгершілік операциясы: ҰҚШҰ мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері
ҰҚШҰ оқу-жаттығулары кезіндегі Қазақстан әскері. Фото: gov.kz

ҰҚШҰ Голан жоталарындағы Қазақстан Республикасының ұлттық бітімгершілік контингентінің бітімгершілік операциясы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ халықаралық ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Голан жоталарындағы БҰҰ-ның бақылаушы күштерінің құрамында Қазақстан Республикасының ұлттық бітімгершілік контингентінің қатысуын құптайды. Бұл тәжірибе Голан жоталарындағы күштердің әлеуетін одан әрі арттыруға практикалық үлес қосып жатыр", - дейді үйым өкілдері.

ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің контингенттерін ұлттық бағдарламалар бойынша да, ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық" тұрақты бірлескен бітімгершілік оқу-жаттығулары форматында да оқытуды жүйелі негізде, оның ішінде БҰҰ стандарттарын ескере отырып жалғастыратынын мәлімдейді.

"ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің БҰҰ бітімгершілік операцияларына ықтимал қатысуы аясында ұйымның 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған Ұжымдық қауіпсіздік стратегиясының ережелерін ұстануға, өзара іс-қимылға дайындығын растайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2123751-golan-zhotalaryndagy-bitimgershilik-operatsiiasy-uqshu-malimdeme-zhasady/