Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев АЭС салу бойынша референдум қашан өтетінін айтты

Жарияланған күні:

АЭС
Иллюстративное фото: depositphotos.com

АЭС салу бойынша референдум биыл күзде өтеді. Бұл жөнінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, экономиканы дамыту үшін тұрақты энергия көзі керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салу мәселесін пысықтау туралы нақты тапсырма бердім. Қазір жан-жақты талқылау болып жатыр. Әртүрлі пікір айтылуда. Бұл үдеріске бұқаралық ақпарат құралдары да белсене атсалысуы керек.

Шын мәнінде, елімізде атом энергетикасын дамытуға зор мүмкіндік бар. Оны дұрыс, яғни тиімді пайдаланған жөн. Осы мәселеге қатысты соңғы шешімді халық қабылдайды. Референдум биыл күзде өтеді", - деді президент

Ол нақты датаны үкімет айқындайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2124990-aes-salu-boiynsha-referendum-biyl-kuzde-otedi/