Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасырмаймыз": Тоқаев Қазақстан жемқорлыққа белшесінен батты дейтіндерге жауап берді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты. Ол Қазақстанның жемқорлыққа белшесінен батқан ел екенін жоққа шығарды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Президент өз сөзінде Қазақстан құқықтық мемлекет екенін алға тартты.

"Қазақстан – құқықтық мемлекет. Ал кез келген құқықтық мемлекетте азаматтар мен институттардың барлығы заңдарды, ережелер мен нормаларды мүлтіксіз сақтауға тиіс.

Қоғамдағы қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктер ұлттық заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешілуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. Сонда ғана біз берекелі және әділетті қоғам құрамыз", - деді ол.

Мемлекет басшысы заң мен тәртіп қағидатына баршаға бірдей мүмкіндік беретін әділетті Қазақстанды құру үшін берік іргетас деп қарауға шақырды.

"Біз, ең алдымен, жемқорлықты түбірімен жоюымыз керек. Мен осы мәселеге айрықша мән беремін. Біз қоғамда бұл кеселдің бар екенін жасырмаймыз. Ашық айтамыз деп, оның зардабын да тартып жатамыз. Тіпті, кейде шетелдіктер де, өз азаматтарымыз да Қазақстанды жемқорлыққа белшесінен батқан ел деп ойлайды.

Бұл шындыққа еш жанаспайды. Ел мүддесі үшін еңбек етіп жүрген адал азаматтар аз емес. Қайталап айтамын: жемқорлық – кесел. Біз тұтас қоғам болып оған қарсы тұруымыз керек. Сонда ғана нәтиже болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125029-zhasyrmaimyz-toqaev-qazaqstan-zhemqorlyqqa-belshesinen-batty-deitinderge-zhauap-berdi/