Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев журналистика саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады (фото)

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің журналистика және телевизия саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Тоқаев марапаттау рәсімінде жуырда "Масс-медиа туралы" заңға қол қойғаны туралы айтты. Оның сөзінше, бұл өте маңызды құжат.

"Журналистердің мүддесі мен құқықтарын қорғау тетіктері күшейтілген деп айтуға болады. Бұл құжат еліміздегі масс-медианың әлеуетін арттыра түседі деп ойлаймын. Сондай-ақ ақпараттық дербестігімізді нығайтуға мүмкіндік береді", - деді президент.

Сондай-ақ президент бүгінде Қазақстанда жүздеген тәуелсіз БАҚ пен медиаресурс барын айтты.

"Ал интернеттегі көптеген түрлі блогтар мен каналдар туралы айтпаса да болады. Олар елде болып жатқан үдерістерді әр қырынан жариялап көрсетеді, билік органдарының қызметіне сын айтады. Бірақ біз әуел бастан пікір алуандығына ұмтылып келеміз. Бұл – біздің айтулы жетістігіміз.

Көпшілік мұны әлі күнге сезінбей жүр. Алайда Қазақстанда әлдеқашан жаңа саяси жағдай қалыптасты. Оны сөз бостандығынан, ашық бәсекелестіктен, билік пен қоғам арасындағы конструктивті диалогтан, бүкіл ақпараттық ресурстардың қол жетімділігінен байқауға болады. Біз осындай өзгерістер жүзеге асырылды деп сеніммен айта аламыз. Мұндай жағдайда БАҚ-тың рөлі мен жауапкершілігі арта түседі. Отандық масс-медиа әрдайым объективтілікті, бейтараптылықты сақтап, ел мен қоғамның мүддесін бәрінен жоғары қоятынына сенімдімін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125080-toqaev-zhurnalistika-salasynyng-damuyna-eleuli-ules-qosqan-bir-top-azamatty-marapattady/