Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әшімбев Киевте Айдос Садықовқа қастандық жасалуына байланысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: NUR.KZ / Айгерим Аскарова

Сенат төрағасы Украинада қазақстандық журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстанның мүдделі екені туралы кез келген мәлімдеме, біздің кейбір мемлекеттік органдар мүдделі болды деген әңгіменің бәрі – шындыққа сәйкес келмейтін арандатушылық пен инсинуация. Мемлекет басшысы бұл мәселеге қатысты өз ұстанымын нақты айтты. Бүгінгі таңда Қазақстанда барлық мәселе құқық аясында – заңдар шеңберінде шешіледі. Осыған байланысты мемлекет басшысы Айдос Садықов пен оның жұбайы Қазақстан азаматтары екенін ескере отырып, олардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды", - деді Мәулен Әшімбаев.

Ол қазақстандық Бас прокуратура Украинадағы әріптестерімен бірге тергеуге қосылғанын айтты.

"Біздің тарапымыздан барлық қажетті жәрдем көрсетіледі. Бұл жағдайда Қазақстанның журналистің көзін жоюға мүдделі екені туралы қандай да бір мәлімдемелер толықтай шындыққа сәйкес келмейді. Олар Қазақстанды қандай да бір геосаяси ойындарға тарту үшін тікелей арандатушылық болып саналады. Мұндағы ұстаным елдің заңдарына сәйкес айқын. Бұл қылмысты біздің құқық қорғау органдары мен Украинадағы әріптестеріміз тексереді. Барлық қажетті ақпарат жұртшылыққа жеткізіледі", - деп толықтырды Сенат басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125140-ashimbev-kievte-aidos-sadyqovqa-qastandyq-zhasaluyna-bailanysty-pikir-bildirdi/