Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қытаймен және Түркиямен келісімдерді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытаймен және Түркиямен келісімдерді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Президент баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени-гуманитарлық, ғылыми және білім беру саласындағы байланыстарды одан әрі кеңейтуге, туристік әлеуетті дамытуға және мәдениет және өнер қайраткерлерін тарту арқылы екі елдің тарихи-мәдени мұрасын ілгерілетуге және екі елдің тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға оң серпін береді.

Сонымен қатар президент "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұған дейін парламент сенатының ресми сайтында бұл заңдар көліктің әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, халықаралық жүк тасымалдау рәсімдерін жеңілдетуді және мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейтіні айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2125266-toqaev-qytaimen-zhane-turkiiamen-kelisimderdi-ratifikatsiialau-turaly-zangga-qol-qoidy/