Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар құжатқа қол қойды
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында бірқатар құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Атап айтсақ, мемлекет басшысы:
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын, оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына;
"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2127072-toqaev-qazaqstan-men-qytai-arasynda-birqatar-quzhatqa-qol-qoidy/