Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Режеп Тайип Ердоған жұбайымен келді (фото)

Жарияланған күні:

Режеп Тайип Ердоған, Олжас Бектенов
Режеп Тайип Ердоған, Олжас Бектенов: primeminister.kz

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысу үшін Астанаға Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келді. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.

Режеп Тайып Ердоған 3-4 шілдеде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады.

Түркия – ұйымға серіктес ел.

"Айта кету керек, Түркия Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бестігіне әрі инвестор елдердің үздік 20-на кіреді.

Осы жылдың 4 айында өзара сауда көлемі 1,6 млрд долларға жетті. Екі елдің үкіметтері сауданың тұрақты көлемін кемінде 10 млрд доллар деңгейінде жоспарлы түрде қамтамасыз ету бойынша жұмыс істеп жатыр", - делінген үмімет хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128449-astanaga-rezhep-taiip-erdogan-keldi/