Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанаға Қатар әмірі ұшып келді (фото)

Жарияланған күні:

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни. Фото: primeminister.kz

ШЫҰ саммитіне қатысуға келген Қатар әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан премьер-пинистрі Олжас Бектенов қарсы алды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды", - делінген үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50 пайызға өсті. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін 500 млн долларға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128482-astanaga-qatar-amiri-ushyp-keldi/