Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нарендра Моди
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нарендра Моди. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты.

"Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деп жазылған жеделхатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128578-toqaev-undistan-premer-ministrine-kongil-aitu-zhedelhatyn-zholdady/