Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШЫҰ саммитіне қатысуға келген мемлекет басшыларының кешкі ас форматындағы бейресми кездесуі қалай өтті (фото)

Жарияланған күні:

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент орталығында ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келген мемлекеттер басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілеріне арналған бейресми жиын өтті. Қонақтар кешкі ас ішіп, концерттік бағдарламаны тамашалады. Ақорда бейресми жиыннан фотолар жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақорда мәліметінше, президент орталығында өткен бейресми жиын барысында мәртебелі меймандарға қазақ халқының бай музыкалық мұрасы мен мәдениеті таныстырылып, "Достық жолы" хореографиялық композициясы ұсынылған. Қойылымға Ұлы Жібек жолы бойындағы халықтардың мәдениеттері арқау болған.

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын. Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшылары бейресми кездесуде бір-бірімен әңгімелесіп, кешкі ас ішіп, концерттік бағдарламаны тамашалаған.

Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
Владимир Путин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын: t.me/aqorda_resmi

Сонымен қатар концерттік бағдарлама аясында ШЫҰ-ға мүше елдер халықтарының әндері мен билері орындалған.

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын. Фото: t.me/aqorda_resmi

Бұдан бөлек мемлекеттер басшыларынығ бейресми кездесуінде опера әншісі Майра Мұхаммедқызы, әнші Димаш Құдайберген, басқа да қазақстандық әртістер өнер көрсеткен.

Майра Мұхаммедқызы
Майра Мұхаммедқызы. Фото: t.me/aqorda_resmi

Сонымен қатар саммит қатысушылары мен елорда қонақтарының құрметіне отшашу ұйымдастырылды.

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын. Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент орталығында өткен бейресми жиын
Президент орталығында өткен бейресми жиын. Фото: t.me/pul_1

Владимир Путин мен Александр Лукашенко
Владимир Путин мен Александр Лукашенко. Фото: t.me/pul_1

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2128665-shyu-sammitine-qatysuga-kelgen-memleketter-basshylarynyng-keshki-as-formatyndagy-beiresmi-kezdesui-qalai-otti-foto/