Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы ШЫҰ саммиті қалай өтті

Жарияланған күні:

"ШЫҰ плюс" кездесуіне қатысушылар
"ШЫҰ плюс" кездесуіне қатысушылар. Фото: akorda.kz

Ақорда Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінен фотосуреттерді жариялады. Саммит бүгін аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл күндері Астана бірқатар елден жоғары мәртебелі меймандарды қабылдады. Бүгін, 4 шілдеде Қазақстан астанасында түрлі елдердің президенттері мен үкімет басшыларының қатысуымен өткен шара сегіз сағатқа жуық уақытқа созылды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары. Фото: t.me/aqorda_resmi

Саммит барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесіне қатысушылар Беларусь Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіруі туралы құжатқа ресми түрде қол қойды.

Сондай-ақ бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Астана декларациясына қол қойылды.

ШЫҰ қатысушылары құжатқа қол қойды
ШЫҰ қатысушылары құжатқа қол қойды: Ақорда

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығының қорытындысын шығарды. Мемлекет басшысы ШЫҰ достық, тату көршілік, теңдік және өзара қолдау көрсетудің "шанхай рухы" негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Сондай-ақ Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ-ның 2025-2027 жылдарға бас хатшысы болып тағайындалғаны да белгілі болды.

Бұдан кейін мемлекет және үкімет басшылары "ШЫҰ плюс" форматында кездесті.

Астанада өткен ШЫҰ-ның "плюс" форматындағы саммитте Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше елдер арасындағы "өзара іс-қимылдың жаңа серпіні" бойынша бірнеше ұсыныс айтты.

Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы аяқталды – ол ҚХР-ға өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды сөз сөйлеп, ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге қызметіне табыс тіледі.

ШЫҰ қатысушылары
ШЫҰ қатысушылары. Фото: Ақорда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129202-shyu-sammiti-qalai-otti-foto/