Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайыржан Меңдіғалиев БҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Қайыржан Меңдіғалиев
Қайыржан Меңдіғалиев. Фото: facebook.com/batyskz

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына Қайыржан Меңдіғалиев тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайыржан Меңдіғалиев БҚО әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бұған дейін Халықаралық білім беру корпорациясының (ҚазБСҚА) бірінші проректоры, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы және маркетинг жөніндегі проректоры лауазымдарын атқарған, оқытушы, кейін Халықаралық бизнес университетінде (UIB) проректор болып жұмыс істеген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша бакалавриат және магистратураны бітірген. Үйленген, үш баласы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129784-qaiyrzhan-menggigaliev-bqo-akimining-orynbasary-tagaiyndaldy/