Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сәтбаев қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жарияланған күні:

Мұрат Бөрібаев
Мұрат Бөрібаев. Фото: instagram.com/satbaev_akimdigi

Қаланың жаңа басшысы Мұрат Бөрібаевты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы таныстырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдік мәліметінше, Мұрат Ерболатұлы Бөрібаев 1991 жылы дүниеге келген. Металлургия, экономика және бизнес бакалавры, мемлекеттік менеджмент магистрі.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалы "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" байыту фабрикасы бас корпусының үшінші разрядты флотаторы болып бастады.

2011-2012 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Қарағандытүстімет" ӨБ филиалының "Нұрқазған" байыту фабрикасы жетекшілігінің әкімшілік бас корпусында іс жүргізуші; "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС филиалы "Қарағандытүстімет" ӨБ "Нұрқазған" байыту фабрикасы бас корпусы бақылау цехының шебері.

2012-2013 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Қарағандытүстімет" филиалы Нұрқазған байыту фабрикасы бас корпусы цехының бастығы.

2013-2014 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Шығыстүстімет" ӨБ Орлов кеніші БФ бас инженері.

2014-2015 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "ЖТМ" ӨБ №1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасы № 2 бас корпусы цехының бастығы.

2015-2017 жылдары – "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "ҚТМ" филиалы Нұрқазған байыту фабрикасының директоры. Тағайындалғанға дейін "Жезқазғантүстімет" ӨБ № 1, 2, 3 Жезқазған байыту фабрикасының директоры қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2129823-satpaev-qalasyna-zhanga-akim-tagaiyndaldy/