Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туризм және спорт министрі Тоқаевқа Олимпиадаға дайындық барысын баяндады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ермек Маржықпаев
Қасым-Жомарт Тоқаев, Ермек Маржықпаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берілді. Сондай-ақ лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды.

Министрдің айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

"Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Сонымен қатар спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді", - делінген ресми хабарламада.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2130918-toqaev-turizm-zhane-sport-ministri-ermek-marzhyqpaevqa-qandai-tapsyrma-berdi/