Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев жаңа қызметке тағайындалған Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Нұрлан Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді. Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.

Еске сала кетсек, 20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын.

Ал оған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2131173-toqaev-zhanga-qyzmetke-tagaiyndalgan-nurlan-nogaevty-qabyldady/