Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев кешірім жасау комиссиясының құрамын өзгерту туралы жарлыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешірім жасау жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізді. Қаулы күшіне еніп, "Әділет" АҚЖ порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 шілдедегі № 140 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін:

  • Асанова Жанна Бейсентайқызы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша),
  • Әубәкірова Индира Оралқызы заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша);

 аталған Комиссияның құрамынан: А.И. Лукин, Т.Е. Қаудыров шығарылсын", - делінген президент қол қойған құжатта.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2131488-toqaev-keshirim-zhasau-komissiiasynyng-quramyn-ozgertu-turaly-zharlyqqa-qol-qoidy/