Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики
Қасым-Жомарт Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен ШЫҰ саммитіне Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілді делегациясының қатысқаны үшін алғыс айтты.

"Мемлекет басшысы еліміз БАӘ-мен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген сауда-экономика және инвестиция салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен декларация аясындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар энергетика және көлік-логистика, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективалары қарастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2133093-toqaev-baa-ning-qazaqstandagy-elshisi-muhammed-said-muhammed-al-arikidi-qabyldady/