Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цифрлық даму министрлігінің жаңа басшысы Мусиннің жұмысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Жаслан Мадиев
Жаслан Мадиев. Фото: t.me/KZgovernment

Цифрлық даму министрлігінің басшысы министрлікте өткен брифингте экс-министр Бағдат Мусин өзіне қандай мұра қалдырғанын және жаңа ұжымда қалай жұмыс істейтінін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жаслан Мәдиев экс-министр Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде көп жұмыс атқарғанын айтты.

"Мен Қазақстанның технологиялық хаб ретіндегі позициясын қай жерде одан әрі нығайтуға болатынын көріп отырмын және бұл жұмысты атқарып жатырмын", - деді ол.

Министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің командасы өзгеріссіз қалады деп сендірді.

"Команда барлығы жұмыс істеуге дайын, мен жұмыс істеген жердің барлығында көзқарасым мынадай: егер біреу жеке секторда өзін көрсеткісі келсе, онда, керісінше, мен оны құптаймын. Өйткені бұл маманға сұраныс бар деген сөз.

Мен әрқашан адамның мемлекеттік және жеке сектор арасында ротацияланғанын жақтаймын. Ал жеке сектордан мемлекеттік мекемеге оралса, бизнестегі осы жұмыс стилін, халықаралық тәжірибені алып келеді деп ойлаймын. Осындай мамандар көп болса, көмегі тиеді деп ойлаймын", - деді министр.

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне бизнестен өз кадрларын әкеле ме деген сұраққа да түсініктеме берді.

"Әріптестеріміздің барлығы жергілікті жерде жұмыс істейді, егер әріптестер тарапынан қандай да бір өтініштер болса, біз оны қараймыз, егер біреу кетсе немесе келсе, бірден хабар береміз", - деп түйіндеді Цифрлық даму министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, экс-министр Бағдат Мусиннің "Қазақтелеком" басшысы болғаны туралы хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2133288-tsifrlyq-damu-ministrligining-zhanga-basshysy-musinning-murasy-turaly-aitty/