Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы арнасында хабарлады.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Цифрлық инклюзия және трансформация жөніндегі Азия-Тынық мұхиты министрлік конференциясын ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарда.

Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мініс және мініс-жегін жылқылардың отандық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2134119-toqaev-qazaqstan-ukimeti-men-buu-arasyndagy-kelisimdi-ratifikatsiialau-turaly-zangga-qol-qoidy/