Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Жамбакин цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Жарияланған күні:

Асқар Жамбакин
Асқар Жамбакин. Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Асқар Жамбакин цифрлық даму вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Асқар Серікұлы Жамбакин берген өтінішіне сәйкес цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарда.

Асқар Жамбакин 1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын, 2009 жылы Манчестер университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ байланыс торабының бірінші санатты байланыс технигі болып бастаған.

2010-2011 жылдары – "HSBC Қазақстан банкі" АҚ ЕБ корпоративтік жүйелер бөлімінің басшысы, директ маркетинг бойынша офицері;

2011-2014 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ әдістеме және бизнес-процестер басқармасының басшысы, бизнес-процестер және корпоративтік даму департаменттерінің директоры;

2014-2016 жылдары – Ұлттық банктің төлем жүйелерін басқару және дамыту департаменті директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары "Қазкоммерцбанк" АҚ департамент директорының орынбасары, директоры;

2017-2018 жылдары– "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" жобалық кеңсе бағдарламаларының менеджері, басқарма төрағасының кеңесшісі болған.

2018-2020 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Премьер-министр орынбасарының штаттан тыс кеңесшісі болған.

2020 жылғы қарашадан бастап Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2134224-asqar-zhambakin-tsifrlyq-damu-vitse-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/