Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі газ бағасын көтеру қажет екенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Газ құбыры
Көрнекі фото: Getty Images wenbin

Үкімет отырысында Энергетика министрлігінің басшысы баға күрт өсіп кетпеуі үшін Қазақстанда тауар газдың бағасын кезең-кезеңімен көтеру қажет екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінгі таңда тауар газдың бекітілген көтерме сауда бағасы 1000 м3-қа 23 646 теңге болған кезде, тауар газдың орташа өзіндік құны 33 169 теңге болып отыр.

Газ саласында инвестициялар тарту және тауар газдың өзіндік құнына қол жеткізу мақсатында халық үшін бағаның күрт өсуіне жол бермеу есебімен газ бағасын кезең-кезеңімен көтеру талап етіледі. Осы жылғы 1 шілдеден бастап еліміздің ішкі нарығындағы тауар газдың көтерме саудада өткізудің шекті бағасы қайта қаралып, орта есеппен 14,6 пайызға ұлғайды", - деп мәлімдеді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған қоса ол үш жыл ішінде ішкі нарықта газды сатудың шығынсыз болуына қол жеткізу жоспарланып отырғанын айтты. Оның айтуынша, бұл елдің газға деген өсіп келе жатқан қажеттілігін жабуға және еліміз үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2134728-energetika-ministrligi-gaz-bagasyn-koteru-qazhet-ekenin-malimdedi/